Заманауи технологиялар, AI және инновациялар » «№53 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№53 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(7222) 35-55-01
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 35-55-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Заманауи технологиялар, AI және инновациялар
04
мамыр
2026

Заманауи технологиялар, AI және инновациялар

«№53 жалпы орта білім беретін мектеп»  – заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуге бағытталған жаңа форматтағы білім беру ортасы.
Мектепте цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын, сыни және шығармашылық ойлауын, зерттеушілік қабілетін, өздігінен білім алу және Soft Skills дағдыларындамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктері білім беру үдерісін заманауи талаптарға сай жетілдірудің қосымша құралы ретінде қарастырылады. Оқушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, ақпаратты іздеу және талдау, идеяларды дамыту, жобалық жұмыстар орындау барысында цифрлық құралдарды жауапкершілікпен пайдалануды үйренеді. Қазақстанда «Келешек мектептері» аясында AI тақырыптарын «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» мазмұнына енгізу жұмыстары жүргізілуде. 
Мектептің инновациялық білім беру ортасында STEM, жобалық және зерттеу жұмыстары, цифрлық платформалар, интерактивті оқыту әдістерікеңінен қолданылып, әр оқушының жеке қабілеті мен қызығушылығын дамытуға жағдай жасалады.
Біздің басты ұстанымымыз – технологияны мақсат емес, сапалы білім мен оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін құрал ретінде пайдалану.
«№53 жалпы орта білім беретін мектеп»  – білім, технология және шығармашылық тоғысқан, болашаққа бағытталған заманауи білім беру кеңістігі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив