Мектеп директоры
Касымов Болат Шарипханович
(«№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры)

Туған күні: 02.11.1979 жыл
Туған жері:ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы
БІЛІМІ: Жоғары, Қазақ спорт және туризм академиясы, 2008ж.ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
ü2004 жылы Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы дене шынықтыру мұғалімі және бокс жаттықтырушысы мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын сәтті аяқтап, жоғары білім туралы диплом алды.
üЕңбек жолын 2009 жылы №22 жалпы орта білім беретін мектеп дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Өзінің кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2016 жылдың ақпан айында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
üКәсіби дамуын үздіксіз жетілдіру мақсатында 2025 жылдың сәуір айынан бастап «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резерві жобасы аясындағы оқыту курсынан өтіп, оны 2026 жылдың 22 қазанында аяқтады.
ü2026 жылғы 30 наурыздан бастап №53 жалпы орта білім беретін мектеп директоры лауазымына тағайындалып, білім беру ұйымын басқару қызметін атқарып келеді. Өзінің еңбек жолында жауапкершілігімен, іскерлігімен және білім беру саласын дамытуға қосқан үлесімен ерекшеленеді.